Тақырып 8.
Кәсіпорын
капиталының
айналымы
1.Кәсіпорындар
капиталының
шеңберлі
айналымы және
толық
айналымы.
2.Негізгі
және
айналмалы
капитал.
Негізгі
капиталдың
табиғи
(физикалық) және
моралдық
тозуы.
Амортизация.
3.Инвестиция
өндіріс қорларын қаржыландыру
көзі ретінде.
Капиталға
К.Маркстің
концепциясында
жан-жақты,
терең түсініктеме
беріледі. Ол,
бір жағынан,
капиталдың мәнін,
екінші жағынан
– оның нақты
көрініс
нысандарын, яғни:
1)
өндіріс
құрал-жабдықтарын
тұрақты
капитал
ретінде;
2)
жұмыс күшін
- өзгермелі
капитал
ретінде;
3)
ақшаны
– ақша
капитал
ретінде
зерттеді.
Маркстің
пікірінше, ақша
да, өндіріс құрал-жабдықтары
да өздігінен
капитал бола
алмайды. Олар
тек басқаның
ақы төленбеген
еңбегін
пайдаланып,
оның өнімін
тегін
иемденген
кезде ғана
белгілі бір өндірістік
қатынастар құрамында
ғана капиталға
айналады.
Жай
ғана ақша
ретіндегі ақша
мен капитал
ретіндегі ақша, - деп көрсетті
К. Маркс, - әуелі
бір-бірінен
айналыс
формасының әр
түрлі болу жағынан
ғана
ажыратылады.
Тауар
айналысының
формасы мына
түрде болады:
Т
(тауар), А (ақша)
– Т (тауар). Бұл
формада
тауар басқа
бір тауарды
сатып алу үшін
сатылады. Ал
капитал
ретіндегі ақша
айналысының
формасы мұнан
басқаша: А – Т
– А, демек,
сату үшін
сатып
алынады.
Тауар
айналысы
формасы Т – А
– Т мен ақшаның
капитал
ретіндегі
айналыс
формасының А – Т – А
арасында ұқсастық
та,
айырмашылық
та бар. Бұл
формалардың
арасындағы ұқсастық
мынада:
біріншіден, Т
– А – Т және А –
Т – А
формулаларының
ауыспалы
айналымдары
сол бір қарама-қарсы
фазалаларға:
сатып алу және
сату фазаларына
бөлінеді;
екіншіден, Т
– А – Т және А –
Т – А
формулаларының
екеуінде де
бірдей екі
заттық
элементтер –
тауар және ақша
бір-біріне қарсы
тұрады; үшіншіден,
бұл ауыспалы
айналымның әрқайсысы
үш адамның қатысуымен
жүзеге асады,
олардың
біреуі тек сатады,
екіншісі –
тек сатып
алады, ал үшіншісі
– бірде
сатады, бірде
сатып алады.
Т
– А – Т және А –
Т – А
ауыспалы
айналымдары
арасындағы
айырмашылық
ең алдымен
сол қарама-қарсы
процестердің
сатып алу мен
сатудың кері
дәйектілігінен
көрінеді, бұл
әрбір ауыспалы
айналымдардың
мақсаты мен
мазмұны
арасында
елеулі
айырмашылықтардың
барлығын көрсетеді.
Т – А – Т
формасында қозғалыс
тауар
сатудан
басталып, басқа
бір тауарды
сатып алумен
аяқталады, бұл
тауар
айналыстан
шығып, тұтынуға
түседі.
Демек, мұнда
ақша иесі оны
біржолата жұмсайды.
Тұтыну, өз қажетін
қанағаттандыру
– Т – А – Т
ауыспалы
айналымның түпкі
мақсаты,
міне,
осындай. Бұл қозғалыстың
мазмұны – қоғамдық
еңбек жұмсалған,
сапа жағынан әртүрлі
тұтыну құндарын
бір-біріне
айырбастау.
А
– Т – А
формасында қозғалыс
тауарды
сатып алудан
басталады да,
оны сатумен
аяқталады. Бұл
процестің
бастапқы
пункті де, соңғы
пункті де – ақша.
Мұнда ақша
біржолата жұмсалмайды,
тек алдын-ала
жұмсалады. Ақшаны
бұл формада жұмсау
сипатының өзі
оның қайта
оралуымен
байланысты
болады, өйткені
ақша қайтып
оралмаса, қарастырылып
отырған қозғалыс
процесі аяқталмаған
болып шығар
еді. Ақшаның
капитал
ретіндегі қозғалысының
шегі жоқ. Бір
ауыспалы
айналымның
аяқталуы
екінші
ауыспалы
айналымның
басталуы
болады, т.с. А –
Т – А
ауыспалы айналымының
қозғаушы күші,
белгілеуші
мақсаты
айырбас құны
болып
табылады. Бұл
процестің
шеткі
пункттерінің
екеуі де – ақша
– сапалары
бірдей тұтыну
құны. Сондықтан
да оның мазмұны
сан жағынан
айырмасы
болуында,
алынған ақша
сомасының
бастапқы
алдын ала жұмсалған
сомасынан
артып түсуі ғана
бола алады.
Демек, А – Т – А
ауыспалы
айналымның
мазмұны құнды
арттыру,
айналыстан, оған
бастапқы түсірген
ақшадан артық
ақша алу.
Капитал
ретіндегі ақша
қозғалысының
толық түрі А
– Т – А¢ түрінде
болады, мұнда
А¢ - А+DА, яғни
бастапқы
алдын ала жұмсалған
ақша
сомасына тең
және өсім.
Осы өсімді
немесе
бастапқы
алдын ала жұмсалған
құннан артық құнды
К.Маркс қосымша
құн (m)
деп атады. А –
Т – А¢ қозғалысы
бастапқы
алдын ала жұмсалған
құнды
капиталға
айналдырады.
Бұл айналысқа
алдын ала жұмсалған
құн тек сақталып
қана қоймайды,
сонымен қатар
оған қосымша құнның
қосылуы
есебінен
артады. Сөйтіп,
капитал
дегеніміз –
бұл өздігінен
артатын құн
немесе қосымша
құн әкелетін құн.
Сонымен,
біріншіден,
капитал
дегеніміз –
зат емес,
бірақ заттар
арқылы көрініс
табатын және
сол заттарға
ерекше қоғамдық
сипат
беретін,
белгілі бір қоғамдық
қатынастар
болып
табылады.
Екіншіден,
барлық
элементтері үнемі
қозғалыста
болатындар ғана
капитал бола
алады. Ақша үнемі
қозғалыста
болған жағдайда
ғана капиталға
айналады.
Үшіншіден,
капитал
дегеніміз
жалдамалы жұмысшы
жасаған, өздігінен
өсіп, ұлғайып
отыратын құн.
Осы
аталған үш
анықтама
капиталдың мәнін
толығымен
сипаттайды. Құнның
арту көзін
табу үшін, А –
Т – А¢
процесінің
заттық
элементтерін
– ақша мен
тауарды қарастырып
көрейік.
Капиталға
айналуға
тиісті болған
ақша өзінен-өзі
қосымша құнның
көзі бола
алмайды. Ол ақша
сатып алу және
төлем құралы қызметін
атқарады, өзіне
сатып
алынатын
немесе өзі
арқылы өтелетін
тауарлар бағасын
жүзеге
асырады.
Бірінші А – Т
актісінде
сатылып
алынатын
тауардың құны
да қосымша құнның
жасаушысы
бола алмайды,
өйткені
эквиваленттер
айырбасталады.
Демек, құнның
өзгеруі, оның
артуы
тауардың тек
тұтыну құнынан,
оны тұтынудан
ғана туады.
Капиталист
нарықтағы
айналыс
сферасында тұтыну
құны құн
жасай алатын,
оған қоса, өзінің
құнынан артық
құн жасай
алатын
тауарды
табады. Мұндай
ерекше тауар
– адамның еңбекке
қабілеттілігі
немесе оның жұмыс
күші болып
табылады.
Жұмыс күші
дегеніміз –
адамның
бойындағы
белгілі бір тұтыну
құндарын өндірерде
оны өзі әрдайым
іске қосып
отыратын күш-қайрат
және рухани қабілеттердің
жиынтығы.
Адамның еңбекке
қабілеттілігі
ретінде, жұмыс
күші тарихи түріне
байланыссыз қандай
қоғамда
болса да
болады. Қай
уақытта және қандай
жағдайда жұмыс
күші тауарға
айналады?
Біріншіден, жұмыс
кұші иесінің
бас бостандығы
болуы керек.
Нарықта жұмыс
күшінің иесі
сатушы
ретінде
сатып алушы
ретіндегі ақша
иесіне қарама-қарсы
тұрады. Жұмыс
күшін
сату-сатып
алу қатынастарының
сақталуы үшін,
оның иесі өзінің
еңбекке қабілеттілігін
мәңгілікке
емес, белгілі
бір мезгілге ғана
сатуы керек.
Егер мәңгілікке
сатса, ол
ерікті
адамнан құлға,
тауар
иесінен кәдімгі
тауарға
айналар еді.
Екіншіден,
жұмыс күші,
оның иесі өндіріс
құрал-жабдықтарынан
және күн көру
қаражатынан
айырылған күнде
ғана тауарға
айналады.
Егер оның өндіріс
құрал-жабдықтары
болса, ол
нарықта, өзінің
жұмыс күшін
емес, ұсақ
тауар өндірушілер
– шаруалар
мен қолөнершілер
сияқты өз еңбегімен
өндірілген
тауарларын
сатқан болар
еді.
Жұмыс
күшінің –
тауар
ретінде екі қасиеті
болады: жұмыс күшінің
құны және тұтыну құны.
Жұмыс күшінің
құны
дегеніміз
оны ұдайы өндіруге,
оның үстіне қалыпты
сапалы етіп, ұдайы
өндіруге қажетті
тіршілік
заттарының құны
болып
табылады. Өндірістің
дамуына, өндіріс
құрал-жабдықтарының
прогресіне
байланысты жұмыс
күші де өзгеріп
отырады. Жұмысшының
іскерлігі,
шеберлігі, тәжірибесі
күшейе тұседі.
Адамның қажеттері
де артады. Өндірістің
әрбір даму
сатысына өзіне
тән жұмыс күшінің
қоғамдық қалыпты
сапасы сай
келеді. Жұмыс
күші құнының
төменгі
немесе
минимальды шегі
жұмысшының өмір
сүруі үшін,
оның еңбекке қабілеттілігін
сақтау үшін қажетті
тіршілік
заттарының құнынан
құралады.
Жұмыс күшінің
тұтыну құны
дегеніміз – қосымша
құн өндіру қабілеттілігі.
Өндіріс
иелерін қызықтыратыны
да жұмыс күшінің
дәл осы
ерекше тұтыну
құны.
Жұмыс
күші тауардың
тұтыну құны
оны дәл
пайдалануда,
тұтыну
процесінде көрінеді.
Жұмыс
күші тауарды
тұтыну
процесі дегеніміз
– тауар өндіру,
құн және қосымша
құн өндіру
процесі. Басқа
тауарлардан өзгеше,
жұмыс күші
оны тұтыну
процесінде құн
өндіреді, өндіргенде,
өз құнынан
артық құн өндіреді.
Жұмысшының, өзінің
жұмыс күші құнынан
артық өндірген
құны қосымша
құн болып
табылады.
Қорыта
айтқанда,
капиталдың
жалпы
формуласында:
А – Т – А¢
ешқандай құн
заңына қарсы
келетін қарама-қайшылық
жоқ. Ақшаның капиталға
айналу құпиясы
жұмыс күшінің
тауарға
айналуында
екен.
Сонымен,
капиталдың әрбір
бөлігі құн
жасау
процесіне әртүрлі
қатысып, оның
өсуіне (көбеюіне)
әртүрлі үлес қосады.
Осы сипатына
байланысты К.
Маркс капиталды
екі түрге бөлді:
тұрақты
және өзгермелі.
Капиталдың, өндіріс
құрал-жабдықтарына
айналатын және
еңбек
процесінде өзінің
құн мөлшерін өзгертпейтін
бөлігін К.
Маркс тұрақты
капитал деп
атады (
с-латын әрпімен
белгіледі).
Капиталдың
жұмыс күшіне
айналатын және өндіріс
процесінде өз
құнын өзгертетін
(өйткені жұмыс
күші өз құнының
эквивалентін
өндіреді және
оған қоса қосымша
құн жасайды),
бөлігін К.
Маркс өзгермелі
капитал деп
атады (v-латын әрпімен
белгіледі).
Еңбек
процесі тұрғысынан
алғанда
капиталдың құрамдас
бөліктері
бір-бірінен
обьективті және
субьективті
факторлар, өндіріс
құрал-жабдықтары
және жұмыс күші
болып бөлінеді,
ал құнның өсу
процесі тұрғысынан
алғанда олар
тұрақты
капитал және өзгермелі
капитал
болып бөлінеді.
Тұрақты
капиталдың құны,
яғни
пайдаланылған
өндіріс құрал-жабдықтарының құны, қайтадан
тек даяр өнімде
ғана
бейнеленеді.
Ал өзгермелі
капиталдың құны
сатып алған жұмысшы
күшінің құнына
тең құн,
бастапқы
алдын ала жұмсалған
құнды өсіру
мақсатына жұмсалады.
Еңбек
процесінде жұмысшы
өзгермелі
капиталдың мөлшеріне
тең құн және қосымша
құн жасайды. Қосымша
құн, демек, өзгермелі
капиталдың ғана
қосқаны
болып
табылады. Жаңадан
өндірілген құн
мөлшерін v+m формуласы
арқылы көрсетуге
болады, бұл
жерде v
– жұмыс күшінің
қайта өндірілген
құны да, m – қосымша
құн.
Сөйтіп, кәсіпорындарда
өндірілетін
тауарлардың құны
(w)
мына төмендегі
түрде
болады: w=c+v+m.
Қосымша
құн өндіруді
нақты
мысалмен қарастырайық.
Мысалы:
тігін
фабрикасы
костюм
тігеді делік.
1 костюмге
кететін
заттай шығын:
a) өндіріс
үйлері мен ғимараттар
(бір
костюм
тіккендегі)
– 100 тенге;
б)
машина және
басқа еңбек құралдары
(бір
костюм
тіккендегі)
– 200 тенге;
в) шикізат (мата,
жіп,
электроэнергия
және т.б) –
300
тенге.
Барлық
заттай шығын
– 600 тенге. Еңбек
шығыны – жұмысшының
(бір күндік)
жалақысы – 200
тенге. Барлық
заттай және еңбек
шығыны = 800
тенге. 1
костюмді
тігуге
кеткен уақыт
– 4 сағат. Жұмыс
күні уақыты –
8 сағат. Демек,
бір күнде екі
костюм
тігеді. Енді
екінші
костюмді
тіккенде өндіріс
иесі – 600 теңге
заттай шығын
жасайды.
Себебі жұмысшыны
жалдаған
толық бір жұмыс
күніне жалақы
төлеген,
екінші
костюм
тіккенде жұмысшыға
жалақы төлемеуге
құқылы. Бірақ
жұмысшы
(тігінші)
екінші
костюмді де
тіккенде 200 теңгеге
тең құн
жасайды. Костюмнің
бағасы 800
тенге – 600
тенге = 200 тенге
(екінші
костюмнен түскен
пайда – қосымша
құн). Екінші
костюмді сатқандағы
баға мен нақты шығынның
айырмасы (200
тенге) қосымша
құн болады (төленбеген
еңбек).
Енді жұмыс
күні
екі бөлікке
бөлінеді: қажетті және
қосымша
жұмыс уақыты.
Біздің
мысалымызда
теңдей: 4 сағат
қажетті жұмыс
уақыт, 4 сағат қосымша
жұмыс жұмсалады.
Қажетті
жұмыс уақыты ішінде жұмысшы
өзінің жұмыс
күні құнының
мөлшеріне тең
(біздің
мысалымызда
200 теңге) құн
жасайды. Осы
уақытта шығарылған
өнімді қосымша
өнім дейміз.
Қосымша
жұмыс уақытта жұмысшы
тегін еңбек
етіп, қосымша
(200 теңге) құн өндіреді.
Осы уақытта
шығарылған өнімді
қосымша өнім
дейміз.
Жұмысшының
бір күн
ішінде жұмсайтын
еңбегі – қажетті
және қосымша
еңбек болып бөлінеді.
Қосымша құн
өндірудің үш әдісі
бар. Олар: абсолюттік,
салыстырмалы
және артық
қосымша құн.
Абсолюттік
қосымша құн – жұмыс күнінің
ұзақтығын
арттырып қажетті
жұмыс уақытын
өзгертпей бұрынғы
қалпында қалдырады
да, қосымша жұмыс
уақтысын ұзартады.
Жұмыс күнін
шексіз ұзарту
мүмкін емес,
себебі тәулік
24 сағаттан тұрады,
осыған
байланысты жұмыс
уақтысының екі
шегі болады:
төменгі және
ең жоғарғы
шегі.
Жұмыс уақытының
төменгі шегі қажетті
қосымша құн өндірудің
көлемімен
белгіленеді,
яғни тарихи
дамуға бағынышты
өзгермелі
шама.
Жұмыс уақытының
ең жоғарғы
шегі екі
факторға
байланысты:
1)
жұмысшыға
жұмыс қабілетін
қайта қалпына
келтіру үшін
демалуға,
тамақ ішуге, ұйықтауға
және табиғи қажеттіліктерін
өтеуге уақыт қажет;
2) жұмысшыларға
мәдени,
рухани және қоғамдық
қажеттерін қанағаттандыру
үшін уақыт қажет;
Сұрақтар:
1.Капиталдың
айналымы және
шеңбер
айналымы.
2.Капитал
түрлері.
3.негізгі
капиталдың
физикалық және
моральдық
тозуы.
Әдебиеттер:
1.
Экономикалық теория негіздері: Оқулық / Я.Ә. Әубәкіров және т.б. Алматы «Санат» 1998 ж.
2.
Борисов
Е.Ф., Волков Ф.М.
Основы
экономической
теории:
Учебное
пособие для
сред.спец.учеб.завед.
– М.: Высш.шк., 1994.
3.
Мәдешев
Б. Нарықтық
экономика
теориясына
кіріспе: Оқу құралы.
Алматы:
Экономика, 1995.
4.
Осипов
М.
Экономикалық
теория
негiздерi.
-Алматы, 2002
5.
Райымқұлұлы
С.
Экономикалық
теория
негіздері.
Шымкент, ОҚМУ,
2005 ж.